Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
17-1-бап. Республика Президентiнiң өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi



Ст. 17-1 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



1. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының өкiлеттiгi жаңадан сайланған Президент қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл орайда олар Мемлекет басшысы осы органдардың басшыларын тағайындағанға дейiн өз мiндеттерiн атқара бередi.

2. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынуы бойынша Республика Президентi:

1) осы мемлекеттiк органдар туралы ережелердi, олардың құрылымы мен жалпы штат санын бекiтедi;

2) егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар басшыларының орынбасарларын, осы органдар ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) аталған мемлекеттiк органдардың ведомстволарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, бұл ведомстволар орталық атқарушы органдардың ведомстволары үшiн көзделген мәртебенi иеленедi.

3. Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының аталған органдардың жұмысы туралы есептерiн тыңдайды.

Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...16 17 17-1 18 19 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-1-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733