Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi



Ст. 19 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



Республика Президентi:

1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессиясында жария етiлсе, ол талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды;

2) стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджеттi және оның орындалуы туралы есептi әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi, мемлекеттiк бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекiтедi;

3) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды және құрметтi, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi; аталған наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айырады;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдайды;

5) саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;

6) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;

7) Республика Мемлекеттiк хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды;

8) ұлттық валютаның қолданылу тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын белгiлейдi;

9) Президент Әкімшілігін жасақтайды; Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарды құрады , таратады және қайта құрады;

10) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;

11) Мәслихат өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады;

12) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378, 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңдарымен.  
  III тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
актiлерi

Статья 1 ...17-1 18 19 20 21 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733