Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
20-бап. Республика Президентi актiлерiнiң нысандары



Ст. 20 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



1. Республика Президентi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады.

2. Республика Конституциясының 53-бабының 4) тармақшасында көзделген ретте Президент заңдар шығарады, ал Конституцияның 61-бабының 2 тармағында көзделген ретте заң күшi бар жарлықтарын шығарады. Парламент пен оның Палаталарының құзыретiне енбейтiн өзге жағдайларда Республика Президентi заңға тәуелдi актiлер - жарлықтар және өкiмдер шығарады.

3. Республика Президентi қол қоятын Парламент актiлерi, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президент актiлерi, тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасы Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады.

4. Республика Президентi тиiстi Жарлықтар мен өкiмдер шығаратын мәселелер тiзбесi осы Конституциялық заңның 21 және 22-баптары бойынша анықталады. Қажет болған жағдайларда Республика Президентi өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде өзiнiң тиiстi өкiлеттiктерiнiң қандай акт нысанында, Жарлық немесе өкiм нысанында жүзеге асырылатындығын дербес анықтай алады.

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733