Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
21-бап. Республика Президентiнiң жарлықтары



Ст. 21 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



1. Республика Президентiнiң жарлықтары Республика Конституциясы мен заңдарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.

2. Республика Президентiнiң жарлықтарымен:

1) Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық өкiлеттiгi жүзеге асырылады;

2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;

3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;

4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.

3. Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нормативтiк құқықтық акт күшi болады.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733