Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
23-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн дайындау және оларды Президенттiң қарауына енгiзу



Ст. 23 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



1. Республика Президентi актiлерiнiң жобаларын дайындауды мыналар жүзеге асырады:

1) Президент Әкімшілігі және Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдар;

2) Республика Үкiметi;

3) Жоғарғы Сот;

4) Үкiмет құрамына кiрмейтiн Республиканың орталық атқарушы органдары;

5) Республика Президентi белгiлейтiн өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар.

2. Республика Президентiнiң қарауына енгiзiлетiн актiлердiң жобалары:

1) қазақ және орыс тiлдерiнде дайындалып, Президенттiң қарауына енгiзiледi;

2) заң техникасы мен iс жүргiзу талаптарына сай келуге тиiс.

3. Президент шығарған актiлердi нөмiрлеу Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмiне жүргiзiледi. Президент актiлерiнiң түпнұсқалары мен оған қосымша материалдар Президент Әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнде сақталады және заңда белгiленген мерзiм аяқталған соң Республика Президентiнiң Архивiне жiберiледi.

4. Президент актiлерiнiң жобаларын дайындаудың заңмен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын және оларды Мемлекет Басшысының қарауына ұсынылуын бақылауды Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы жүзеге асырады.

Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733