Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру



Ст. 26 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



1. Президент науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламенттiң шешiмi арқылы қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.

2. Президент өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда, яғни соғыс не қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету, шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу арқылы көрiнген Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында әдейi жасаған жағдайда, жауап бередi және бұл үшiн Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн.

3. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезеңде қозғалмайды.

Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733