Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар



Ст. 33 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



1. Республика Президентінің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру және оның қызметін қамтамасыз ету мақсатында Қауіпсіздік Кеңесі және өзге де консультативтік-кеңесші органдар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жоғары Сот Кеңесі, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар құрылады.

2. Республика Президенті:

1) Қауіпсіздік Кеңесінің және өзге де консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің құрамын айқындайды, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдарды құрады;

2) консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдардың басшы лауазымдағы адамдарын тағайындайды;

3) Қауіпсіздік Кеңесі және өзге де консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар туралы ережелерді бекітеді;

4) тоқсан сайын Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының және өзге де консультативтік-кеңесші органдардың басшы лауазымдағы адамдарының осы органдар жұмысы туралы есептерін, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының есептерін тыңдайды.

3. Республика Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар аппараттарының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесі аппараттарының қызметкерлері Республика Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болып табылады.

Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 265 Конституциялық заңымен.  
  VI тарау
Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттерi

Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 33-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733