Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
7-бап. Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi



Ст. 7 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



1. Республика Президентi:

1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;

2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi;

3) алып тасталды

4) бекiту грамоталарына қол қояды;

5) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;

6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды  денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi.

2. Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады.

3. Республика Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733