Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6-1 Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы 1995 жылғы 7 сәуiрдегі N 2184


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы
6-1-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың тәртіп қағидасы және оларды орналастыру шарттары

1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың медициналық ұйғарымдарды орындауын, оларды үнемі қадағалауды қамтамасыз ететін және олардың өз бетімен кетіп қалу мүмкіндігін болғызбайтын шарттар белгіленеді.

2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын аурулардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағынан шығуына тек емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізу және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін медициналық персоналдың, күзет қызметкерлерінің немесе мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым өкілдерінің бірге ілесіп жүруімен ғана рұқсат етіледі.

3. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар қажетті материалдық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етіледі, оларға жеке жатын орын мен төсек жабдығы беріледі. Олар жынысы мен климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусымдық киіммен, іш киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.

Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Ас қорыту ағзаларының ауруларына шалдыққан адамдар диеталық тамақпен қамтамасыз етіледі.

4. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға ақшаны және тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, сақтауға тыйым салынған заттарды өзімен бірге ұстауға рұқсат етілмейді. Алып қойылған ақша мен сақтауға тыйым салынған заттар туысқандарына қайтарылады, ал олар болмаған жағдайда мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның сақтау камерасына тапсырылып, науқас шыққанға дейін сақталады.

5. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды ұстау шарттары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін ішкі тәртіп қағидасында белгіленеді.

6. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, ішкі тәртіп қағидасын бұзатын немесе емдеуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар, егер олардың іс-әрекеті айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына немесе тікелей өзіне қауіп төндірсе, арнайы палатаға орналастырылады. Арнайы палатаға орналастыру адамды орналастырған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланып, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым басшысының жазбаша өкімі бойынша он тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Басшы жұмыс орнында болмаған жағдайда, арнайы палатаға орналастыру туралы шешімді, кейіннен басшыға баяндаухат жаза отырып, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның лауазымы жоғары қызметкері қабылдайды, басшы арнайы палатада ұстау мерзімін жазбаша өкіммен айқындайды.

7. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан өз бетімен кетіп қалуы, сол сияқты ұйымға белгіленген мерзімде келмеуі емделуден жалтару болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Оларды мәжбүрлеп емдеуге әкелуді сот қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.

Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың  мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымды өз бетімен тастап кеткен кезеңі емделу мерзіміне есептелмейді.

 Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Статья 1 ...5 6 6‑1 6‑2 6‑3 ...11

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться