Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Алқабилер туралы
16-бап. Алқабидiң еңбегiне ақы төлеу. Алқабиге кандидаттар мен алқабилердiң шығыстарын төлеу. Алқабилердiң еңбек қатынастарындағы кепiлдiктерi



Ст. 16 Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121



1. Алқабиге облыстық және оған теңестiрілген соттың қызметiн материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган нақты iс қаралып болғаннан кейiн, ал егер iстi қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебiнен облыстық және оған теңестiрілген сот судьясының лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерiнде, бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнiнiң санына) барабар, оның негiзгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төлейдi.

2. Алқабиге кандидатқа (алқабиге) iссапар шығыстары республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде өтеледi.

3. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқару уақыты еңбек стажын есептеген кезде есепке алынады.

4. Алқабидің мiндеттерiн атқару кезiнде оның негiзгi жұмыс орны сақталады. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқаруы кезiнде оны жұмыс берушiнiң бастамасымен жұмыстан шығаруға немесе ақысы төмен жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121