Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Алқабилер туралы

Алқабилер туралы
9-бап. Алқабиге кандидаттардың қосымша тiзiмi



Ст. 9 Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121




1. Алқабиге кандидаттардың бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiнiң ресурстары таусылған ерекше жағдайларда, облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсе отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына азаматтардың талап етілетін қосымша саны туралы және осыған байланысты алқабиге кандидаттардың қосымша тiзiмiн жасау қажеттiгі туралы ұсыну жiберуге құқылы.

2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының ұсынуын алған күннен бастап он күн мерзімде осы Заңның  7-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының талаптарына сәйкес азаматтардың талап етiлетiн санына қарай алқабиге кандидаттардың қосымша тiзiмдерiн жасайды және оларды тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген сотқа жiбередi.


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121