Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
14-бап. Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезінде облигацияларды шығару ерекшеліктері



Ст. 14 Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126



Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарынан басқа, арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару (облигациялық бағдарлама) проспектісі мынадай мәліметтерді:  

1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;  

2) оригинатордың қызметінің нысанасын, секьюритилендіру мәмілесіндегі құқықтары мен міндеттерін;  

3) талап ету құқықтарының сипаттамасын, бөлінген активтер құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсу шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;  

4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібін;  

5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуге байланысты шығыстарды және арнайы қаржы компаниясына бөлінген активтерден осы шығыстарды шегеруге құқық беретін шарттарды;  

6) секьюритилендіру мәмілесі тараптарының аффилиирленгендігін;  

7) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесі бар екендігін;  

8) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтердің мөлшерін, құрамын және өсімінің болжамды талдамасын;  

9) қосымша қамтамасыз ету туралы;  

10) облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу шарттары мен тәртібін;  

11) талап ету құқықтарының біркелкілік өлшемдерін;  

12) осы облигациялық бағдарламаның шегінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеудің кезектілігін қамтуға тиіс. 

13) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2. Оригинатордың соңғы жылдағы аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясының арасында жасасқан осы секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы кәсіпорнының облигациялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.  

3. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын орналастыру және өтеу нәтижелері туралы есептерді қарап, бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша секьюритилендіру мәмілесі мен арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды көрсететін қосымша есептілік ұсынылады.  

4. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі оригинатордың аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс. 

Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Қорытынды ережелер


Статья 1 ...12 13 14 15 16 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126