Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәсiптiк одақтар туралы
10-бап. Кәсіподақты мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату



Ст. 10 Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ




1. Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу үшін қажеттi құжаттар тiркеушi органға кәсіподақтың құрылтай съезi (конференциясы, жиналысы) өткiзiлген күннен бастап екі айдан кешiктiрiлмей ұсынылады.

2. Республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық және жергілікті кәсіподақтар тiркелген күннен бастап алты ай өткенге дейін өздерін тіркеген органға осы Заңның 11-бабының 3-тармағында, 12-бабының 3-тармағында, 13-бабының 2 және 3-тармақтарында және 14-бабының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтамау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіподақтың мемлекеттiк тiркелуінің күшін жоюға әкеп соғады.

4. Тіркеуші органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға болады.

5. Кәсiподақты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 
3-тарау. КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ


Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...34 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ