Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәсiптiк одақтар туралы
12-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі



Ст. 12 Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ



1. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады.

2. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігін кәсіподақтар мен олардың бірлестіктері құрады.

3. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына мүшелік ұйым ретінде кіреді.

Аудан, қала деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі тиісті аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына мүшелік ұйым ретінде кіреді.

4. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары:

1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау;

2) өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;

3) өңірлік жұмыс берушілер бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өңірлік келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;

4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның жұмысына қатысу;

5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...34 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ