Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кәсiптiк одақтар туралы

Кәсiптiк одақтар туралы
19-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалу мониторингі



Ст. 19 Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ



1. Кәсіподақтар әлеуметтік әріптестікке:

1) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, өңірлік үшжақты комиссияларда жұмыс істеу;

2) келісімдер мен ұжымдық шарттардың жобаларын әзірлеу және оларды жасасу;

3) жұмыс берушілермен, олардың бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), мемлекеттік органдармен еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша консультациялар (келіссөздер), қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру арқылы қатысады.

2. Кәсіподақтар қабылдайтын шешімдер, ұжымдық шарттардың ережелері әлеуметтік әріптестік органдары қабылдайтын шешімдерге және бас, салалық және өңірлік келісімдердің ережелеріне сәйкес келуге тиіс.

3. Кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторингті жоғары деңгейдегі кәсіподақтар:

1) жергілікті кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына – өздері мүшелік ұйымы болып табылатын салалық кәсіподақтар;

2) аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына – өздері мүшелік ұйымы болып табылатын республикалық кәсіподақтар бірлестіктері жүзеге асырады.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...34 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ