Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 21 Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Кәсiптiк одақтар туралы
21-бап. Кәсiподақтардың талаптар қоюы, ереуiлдер, бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткiзу

1. Кәсiподақтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнде айқындалған тәртіпті сақтай отырып және жағдайларда талаптар қоюға құқылы.

2. Егер татуластыру рәсiмдері арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi татуластыру рәсiмдерінен жалтарған не дауды шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi ол орындамаған жағдайларда, кәсiподақтар ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады.

Бұл ретте, қызметкерлерді сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға шақыруға тыйым салынады.

3. Кәсiподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ереуілдер, бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырады және өткiзеді.

4. Кәсiподақтар бiрлескен наразылық акцияларын өткiзу үшiн өздерiнiң күш-жiгерiн бiрiктiрiп, басқа кәсiподақтармен және қызметкерлер топтарымен ынтымақтастық белгiсi ретiнде осындай акциялар өткiзе алады.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...34

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ