Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
19-бап. Профилактикалық әңгімелесу



Ст. 19 Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV



1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құқықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.

2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектісі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен немесе өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер бар адаммен профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді.

3. Профилактикалық әңгімелесу тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орны бойынша не тікелей тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерде өткізіледі және ол бір сағаттан аспауға тиіс.

4. Профилактикалық әңгімелесу жүргізілетін адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы ескертіледі.

5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV