Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы
10-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар



Ст. 10 Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы 2003 жылғы 14 қазандағы N 489



1. Қазақстан Республикасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленген негізде және тәртiппен жүргiзiледi.

2. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар:

1) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдiк тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, әкетуге, өткiзуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілік;

2) йод тапшылығынан зардап шегетiн адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткiзуi;

3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң зиянды әсерiнiң салдарынан денсаулығы жоғалған жағдайда азаматтардың құқықтарын Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгiленген тәртiппен қорғау принциптерiнде жүзеге асырылады.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы 2003 жылғы 14 қазандағы N 489