Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы
11-бап. Тұздың өндiрiлуiне, айналымына және қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар



Ст. 11 Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы 2003 жылғы 14 қазандағы N 489



1. Мыналарды:

1) йодталған тұзды қолдануға болмайтын көрсетiмдерi бар адамдарға арналған тұзды;

2) өндiрiсiнде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге арналған тұзды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, онда өндiрiлетiн және (немесе) өткiзiлетiн ас тұзы мен жемдiк тұз йодталуға тиiс.

Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткiзу тәртiбiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

2. Тұзда йодтың болу нормалары, олардың сапасы, қауiпсiздiгi, йодтау әдiстерi, йодтың болуы төмендеген кезде қайта йодтау процесi санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, сондай-ақ өзге де нормативтiк талаптарға сәйкес келуге тиiс.

3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында йодталмаған тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, сондай-ақ өткiзуге тыйым салынады.

4. Жалған тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, әкетуге және (немесе) өткiзуге тыйым салынады.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.05 № 228; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы 2003 жылғы 14 қазандағы N 489