Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы
6-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті



Ст. 6-1 Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы 2003 жылғы 14 қазандағы N 489



Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

2) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;

3) тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн йодтау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 2-тарау 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...5 6 6-1 7 8 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-1-бап Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы 2003 жылғы 14 қазандағы N 489