Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Құқық бұзушылық профилактикасы туралы
25-бап. Профилактикалық әңгімелесу



Ст. 25 Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV



1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.

2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құзыретіне жататын құқық бұзушылық субъектісі құқық бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіз бар адаммен өткізеді.

3. Профилактикалық әңгімелесу құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жері, оқу, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде өткізіледі және оның ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс.

4. Профилактикалық әңгімелесу өткізілетін адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы ескертіледі.

5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV