Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6 Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Құқық бұзушылық профилактикасы туралы
6-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

1. Жергілікті өкілді органдар:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) әкімнің ұсынуы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамын бекітеді;

3) жергілікті бюджеттерді құқық бұзушылық профилактикасына арналған шығыстар бөлігінде бекітеді және олардың орындалуын бақылайды;

4) азаматтар мен ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Жергілікті атқарушы органдар:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимылын жергілікті деңгейде қамтамасыз етеді;

3) құқық бұзушылықтар профилактикасына қатысатын азаматтардың және ұйымдардың есебін жүргізеді, азаматтарды және ұйымдарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту жөнінде шаралар қолданады, оларды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды;

4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;

4-1) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;

5) тиісті жергілікті өкілді органдарға құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамын бекіту үшін ұсынады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

6) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесінің ұйымдарын құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7) тармақша өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің ұсынылуын ұйымдастырады;

8) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;

9) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...31

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться