Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Құқық бұзушылық профилактикасы туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы туралы
9-1-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті



Ст. 9-1 Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV



Әскери полиция органдары: 

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

2) әскери қызметшілерге құқықтық тәрбие беруге қатысады; 

3) құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады; 

4) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілерді профилактикалық есепке алуды жүргізеді және оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асырады; 

5) әскери бөлімдер және мекемелер қолбасшылығымен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 

6) өзге де құқық қорғау органдарына өздеріне белгілі болған, сол органдардың құзыретіне жататын дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлайды; 

7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық қудалауды, іс жүргізуді жүзеге асырады; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 9-1 9-2 10 ...31 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 9-1-бап Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV