Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi



Ст. 10 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591




Iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде:

1) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) - 12) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн олардың ата-аналарын немесе заңды өкiлдерiн анықтайды, есебiн жүргiзедi және оларға қатысты жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi;

2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын немесе тиiсiнше орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiн, педагогтарды, тәрбиешiлердi, оқу, тәрбие және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолданады;

3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға

итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;

4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк мекемелерге жiберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресiмдеуге жәрдемдеседi;

5) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;

6) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың өмір салтына және мінез-құлқына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

7) балаларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту бойынша өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабының тәртiбiмен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдарды дайындайды;

8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi;

9) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына жәрдемдеседi;

10) он сегіз жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды.

Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;

11) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;

12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591