Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау



Ст. 19-5 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591



1. Профилактикалық есепке алу кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасының, заңды өкілдерінің мінез-құлқына профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және тіркеу үшін жүргізіледі.

2. Профилактикалық есепке:

1) өздеріне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған;

2) өздеріне қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;

3) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар, қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын іс-әрекеттер жасаған;

4) өздеріне қатысты қамаққа алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп айыпталған немесе күдік келтірілген;

5) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған;

6) шартты түрде сотталған, қоғамдық жұмыстарға тартылуға сотталған, түзету жұмыстарына, бас бостандығынан айырумен байланысты емес өзге де жаза түрлеріне сотталған;

7) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының түлектері қойылады.

3. Профилактикалық есепке кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасы, заңды өкілдері қойылады.

4. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді.

5. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасының, заңды өкілдерінің мінез-құлқын жүйелі түрде байқауды қамтиды.

6. Мүдделі тұлғалар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

7. Ішкі істер органдары кәмелетке толмаған адамды, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ оның мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмаған адамның ата-анасын, заңды өкілін профилактикалық есепке қою туралы шешім шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

8. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепке алу қолданылатын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылау қолданылатын мерзім өткеннен кейін адам профилактикалық есептен шығарылып, бұл жөнінде жазбаша нысанда хабардар етіледі.

9. Профилактикалық есепке алуда қамтылатын мәліметтер тек қана кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шегінде пайдаланылуы мүмкін.

10. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Ескерту. 19-5-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.07.2014 № 236-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...19-3 19-4 19-5 20 21 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-5-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591