Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
20-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi



Ст. 20 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591




Егер осы Заңның 19-бабында көзделген мән-жайлар мынадай құжаттарда:

1) соттың үкiмiнде, ұйғарымында немесе қаулысында;

2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның, прокурордың, тергеушінің, анықтау органының қаулысында;

3) шағымдарды, өтiнiштердi немесе басқа да хабарларды тексерудiң нәтижелерi бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесi органының немесе мекемесiнiң басшысы бекiткен қорытындыда;

4) кәмелетке толмағанның не оның ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша оларға көмек көрсету туралы өтiнiштерiнде ресми көрсетiлген болса, олар кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi болып табылады.

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 176-IV Заңымен.


Статья 1 ...19-4 19-5 20 21 22 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591