Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
22-4-бап. Өтініштерді жіберу



Ст. 22-4 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591



1. Кәмелетке толмағандардың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жазған өтініштері арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі арқылы жіберіледі.

2. Сотқа, прокуратура органдарына және мемлекеттік органдарға жазылған өтініштерді арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей адресатқа жібереді.

3. Өтініштерге келген жауаптар кәмелетке толмағандарға қолхат ала отырып хабарланады және жеке ісіне тігіледі.

4. Құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты жазған өтініштері үшін кәмелетке толмағандарды кез келген нысанда қудалауға жол берілмейді. Мұндай қудалауға кінәлі арнаулы мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Ескерту. Заң 22-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...22-2 22-3 22-4 22-5 22-6 ...36 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-4-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591