Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
22-7-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандардың міндеттері



Ст. 22-7 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591



1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандар:

1) осы Заңда және ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұстау режимін сақтауға;

2) арнаулы мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындауға;

3) гигиена және санитария талаптарын сақтауға;

4) өз өміріне және басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер жасамауға;

5) арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер жасамауға;

6) арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлеріне өз қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуге;

7) өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;

8) арнаулы мекемелер мен ұйымдардың мүлкіне ұқыпты қарауға;

9) оқу сабақтарына баруға міндетті.

2. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын кәмелетке толмағандарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыстық құқық бұзушылық қаруы ретінде не кәмелетке толмағандарды осы мекемелерде ұстау мақсаттарына кедергі келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін өзімен бірге ұстауына тыйым салынады.

3. Кәмелетке толмағандарды оқу-тәрбие процесіне және әлеуметтік оңалтуға байланысты емес іс-шараларға тартуға тыйым салынады.

Ескерту. Заң 22-7-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...22-5 22-6 22-7 22-8 23 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-7-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591