Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
22-8-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану



Ст. 22-8 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591



1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда мынадай көтермелеу шаралары белгіленеді:

1) ауызша немесе бұйрықпен алғыс жариялау, ол кәмелетке толмағанның жеке ісіне тігіледі;

2) бұрын тағайындалған жазаны мерзімінен бұрын алу;

3) грамотамен марапаттау;

4) Құрмет тақтасына енгізу;

5) тәрбиеленушінің жақсы мінез-құлқы мен оның оқудағы және еңбектегі жетістіктері туралы ата-анасына, олардың орнындағы адамдарға не бұрын оқыған жеріне хабарлау;

6) үздік сыныпқа немесе топқа жалауша, грамота беру;

7) "Үздік маман" атағын беру.

2. Режимді және ішкі тәртіп қағидаларын бұзғаны үшін кәмелетке толмағандарға мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:

1) ескерту;

2) ауызша немесе бұйрықпен сөгіс жариялау, ол кәмелетке толмағанның жеке ісіне тігіледі;

3) кәмелетке толмағандардың, топтың немесе сыныптың жалпы жиналысында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымының не арнаулы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде талқылау.

Ескерту. Заң 22-8-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...22-6 22-7 22-8 23 24 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-8-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591