Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
30-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері



Ст. 30 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591



1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.

3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.

4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.

Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.

Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.

5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591