Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Органикалық өнім өндіру туралы

Органикалық өнім өндіру туралы
10-бап. Органикалық өнім өндіруге өту шарттары



Ст. 10 Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ



1. Органикалық өнім өндіруге өту органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Органикалық өнім өндіруге өту кезінде мынадай шарттар сақталуға тиіс:

1) органикалық өнім өндіруші сәйкестікті растау жөніндегі органмен органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау рәсімін жүргізуге шарт жасасады;

2) өтпелі кезең ішінде органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында белгіленген органикалық өнім өндіруге қойылатын талаптар сақталады;

3) органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына сәйкес органикалық өнім өндіру органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек жүзеге асырылады;

4) өнімді «өтпелі органикалық өнім» ретінде өткізуге және таңбалауға рұқсат етіледі.

3. Органикалық өнім өндіруге өтудің ұзақтығы органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында белгіленеді.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ