Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Органикалық өнім өндіру туралы
12-бап. Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау және оларды инспекциялық бақылау

Ст. 12 Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау ерікті сипатта болады.

Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау осы Заңға, органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына, сондай-ақ қолданыстағы стандарттарға сәйкестікке жүзеге асырылады.

Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау нәтижесі – сәйкестік сертификаты болып табылады.

2. Органикалық өнім өндіруші органикалық өнімді өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау рәсімінен өткеннен кейін органикалық өнімге ұлттық сәйкестік белгісін қоюға құқығы бар.

3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына органикалық өнімді өндірудің және органикалық өнімнің сәйкестігін растау мен инспекциялық бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат жібереді.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...18

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ