Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы
13-бап. Аварияларды, инциденттердi жоюға әзiрлiктi  қамтамасыз ету



Ст. 13 Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы



Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымдар аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-қимылға әзiрлiктi қамтамасыз ету мақсатында:

1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

2) қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi авариялардың алдын алу, аварияларды және олардың салдарларын шектеу және зардаптарын жою жөнiндегi профилактикалық жұмыстарға әскерилендiрiлген авариялық-құтқару қызметтерi мен құрылымдарын тартуға;

3) авариялардың, инциденттердiң салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшiн материалдық және қаржылық ресурстар резервiн ұстауға; V095833

4) қызметкерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария, инцидент бола қалған жағдайдағы қорғану әдiстерi мен iс-қимылдарын үйретуге;

5) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария, инцидент бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және iс-қимылды қолдау жүйелерiн құру мен олардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.  

Статья 1 ...11-3 12 13 13-1 13-2 ...Прил 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы