Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы
15-1-бап. Мемлекеттiк инспектордың құқықтары



Ст. 15-1 Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы



Мемлекеттiк инспектордың:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйiне тексеру жүргiзу мақсатында қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерге белгiленген тәртiптi сақтай отырып кiруге;

2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының орындалуын тексеру үшiн қажеттi құжаттармен танысуға;

3) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгiзуге, бұзушылықтарға кiнәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға;

4) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейiнгi кезеңде, өндiрiстi тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.

Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

Статья 1 ...14-13 15 15-1 15-2 15-3 ...Прил 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-1-бап Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы