Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы
13-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізген кезде экстремизмдi жүзеге асыруға жол бермеу



Ст. 13 Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31



Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзген кезде экстремизмдi жүзеге асыруға жол берілмейдi. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органы бейбiт жиналыстарды, митингілердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастырушыларға оларды өткiзгенге дейiн жауаптылық туралы жазбаша нысанда ескертедi.

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзген кезде оларға қатысу үшiн экстремистiк ұйымдарды тартуға, олардың нышандарын пайдалануға, сондай-ақ экстремистiк материалдарды таратуға жол берiлмейдi.

Осы бапта көзделген мән-жайлар байқалған жағдайда бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастырушылар немесе оларды өткiзуге жауапты өзге де тұлғалар көрсетiлген бұзушылықтарды жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдануға мiндеттi. Осы мiндеттердiң сақталмауы бейбiт жиналыстарды, митингілердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды тоқтатуға әрi оларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша және тәртіппен жауаптылықта болуына әкеліп соғады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31