Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы
4-бап. Экстремизмге қарсы iс-қимылдың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi



Ст. 4 Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31



1. Экстремизмге қарсы iс-қимылдың негiзгi мiндеттерi:

экстремизмнiң көрiнiс беру нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасында оны жүзеге асыруға жол бермеу;

экстремизмдi жүзеге асыру үшiн жағдайлар мен мүмкiндiктер жасауды болғызбау;

азаматтардың саяси және құқықтық мәдениетiн қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады.

2. Экстремизмге қарсы iс-қимыл:

заңның үстемдiгi;

нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, қандай әлеуметтiк топқа жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi;

қоғамдық, соның iшiнде ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм;

мемлекеттiң және қоғамдық институттардың өзара iс-қимылы;

жариялылық принциптерiне негiзделедi.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31