Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы

Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы
8-бап. Ұйымды экстремистiк деп тану тәртiбi



Ст. 8 Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31



1. Ұйымды экстремистiк деп тану сот тәртібімен жүзеге асырылады. 

Егер ұйымның құрылымдық бөлiмшелерінің (филиалдары мен өкілдiктерiнің) бiреуi болса да осы ұйымның басшы органдарының бiрiнiң рұқсатымен экстремизмдi жүзеге асыратын болса, ұйым экстремистiк деп танылады. 

2. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында өз іс-әрекетін жүзеге асыратын ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен прокурордың өтiнiшi бойынша сот экстремистiк деп таниды. 

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде прокуратура органдарына ұйымды экстремистiк деп тану үшiн қажеттi айғақтық базаны қалыптастыру үшiн материалдар беруге мiндеттi. 

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.11.2014 N 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...6 7 8 9 9-1 ...16 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31