Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы
9-1-бап. Экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара iс-қимылы



Ст. 9-1 Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31



Экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыретi шегiнде: 

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемін пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды; 

2) экстремизм белгілері бар және осы мемлекеттік органдардың құзыретiне жататын іс-әрекеттердің дайындалуы және жасалуы фактiлерi мен белгiлерi туралы хабарлайды және өзара қажеттi көмек көрсетедi. 

Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.11.2014 N 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...8 9 9-1 10 11 ...16 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-1-бап Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31