Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
10-бап. Тиiсiнше тексерудi жүргiзу кезiнде мәлiметтер жинау және құжаттық растау



Ст. 10 Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV




1. Қаржы мониторингi субъектiлерi клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзу кезiнде тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайтын қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесі негізінде клиент туралы мәлiметтердi құжаттап тiркеуге мiндеттi.

2. Қаржы мониторингi субъектiлерi қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты уәкiлеттi органға мынадай бөлiмдердi: кiрiспе ақпаратты, қаржы мониторингi субъектiсi туралы мәлiметтердi, операция мен операцияға қатысушылар туралы мәлiметтердi, қаржы мониторингiне жататын операция жөнінде қосымша ақпаратты қамтуға тиiс нысан бойынша береді. Бұл нысан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн қағидалармен айқындалады.

Осы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат құжатталып тiркеледi және оларды:

 РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 6), 8) – 17) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері – операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен;

2) алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері – операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.

Күдікті операциялар бойынша мәліметтер мен ақпарат құжатталып тіркеледі және осы Заңның 13-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсынылады.

3. Қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтер мен ақпаратты:

1) адвокаттар, егер бұл мәлiметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және заңды тұлғалардың атынан өкiлдiк ету және оларды қорғау мәселелерi бойынша заң көмегiн көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды қажет ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;

2) нотариустар, шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде ұсынбайды.

3-1. Осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде уәкілетті орган қажет болған жағдайда қаржы мониторингі субъектісіне оның қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі жөнінде сұрау салу жібереді.

Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-бабының 2-тармағында көрсетілген мақсатта уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сауал жібереді.

Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тиісті сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.

Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.

Сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісінің жазбаша өтініші бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы емес.

4. Клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзген кезде алынған қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға берумен байланысты шығыстарды қаржы мониторингiнің субъектiлерi көтереді.

 Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.21 N 19-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV