Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
12-бап. Терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты нысаналы қаржылық санкциялар

Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, өзінің интернет-ресурсында орналастырады және оны тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық түрде жібереді. 

2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау үшін уәкілетті органға: 

1) өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін; 

2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында және 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін; 

3) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында және 5-тармағының 5-1) және 8) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін жібереді. 

Уәкілетті орган осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында және 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінен алған ақпарат негізінде жасайды. 

3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органға беретін ақпаратқа сәйкес жаңартылып отырады. 

4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу үшін: 

1) ұйымның террористік әрекетті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруына байланысты оны тарату туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі; 

2) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік ұйым деп тану туралы, оның ішінде осы ұйымның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі; 

3) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасалуына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген үкімі; 

4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын, террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттарының үкімдері (шешімдері) және өзге де құзыретті органдарының шешімдері; 

5) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын, террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде ұйымның немесе жеке тұлғаның болуы; 

6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімдері; 

7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға нысаналы қаржылық санкцияларды қолдану не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерге ұйымды және (немесе) жеке тұлғаны енгізу негіз болып табылады. 

5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау үшін: 

1) ұйымның террористік әрекетті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруына байланысты осы ұйым бойынша тарату ісін жүргізу аяқталмаған жағдайда оны тарату туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік ұйым деп тану туралы Қазақстан Республикасы соты шешімінің күшін жою; 

2) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасалуына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы соты үкімінің күшін жою; 

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған, террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттары үкімдерінің (шешімдерінің) және өзге де құзыретті органдары шешімдерінің күшін жою; 

4) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның қайтыс болғандығы туралы құжатпен расталған деректердің болуы; 

5) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасағаны үшін сотталған жеке тұлғаның сотталғандығының жойылғаны немесе алынғаны туралы құжатпен расталған деректердің болуы; 

5-1) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен қылмыстық жазасын өтеген тұлғаны алып тастау туралы Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын жеке тұлғалардың тізімі негіз болып табылады. 

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен қылмыстық жазасын өтеген жеке тұлғаны алып тастау туралы Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қорытындысын дайындау тәртібі Қазақстан Республикасы құқық қорғау мен арнаулы мемлекеттік органдарының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады; 

6) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын, террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау; 

7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға қолданылған нысаналы қаржылық санкциялардың күшін жою не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерден ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау; 

8) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетті қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне оларды енгізуге негіз болған мән-жайлар әрекетінің тоқтатылуы негіз болып табылады. 

5-1. Уәкілетті орган дереу, бірақ ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің интернет-ресурсында осындай шешімді орналастырады және оны Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына және ұйымдарға жібереді. 

6. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес түзілетін тізімдерде мынадай мәліметтер болуға тиіс: 

1) жеке тұлғаға қатысты: 

оның жеке басын куәландыратын құжат деректері; 

жеке сәйкестендіру нөмірі; 

тұрғылықты жері; 

жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер; 

заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәліметтер; 

2) заңды тұлғаға қатысты: 

атауы;  

бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

мемлекеттік тіркелген орны және орналасқан жері туралы мәліметтер; 

лауазымды адамдар туралы мәліметтер, құрылтайшылар туралы деректер. 

3) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға қатысты: 

атауы; 

заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумақта) тіркелген нөмірі (болған кезде); 

тіркелген және (немесе) орналасқан жерінің мекенжайы; 

заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер. 

7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне қате енгізілген, өздерінің террористік және экстремистік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер бар не көрсетілген тізбеден алып тастауға жататын, бірақ көрсетілген тізбеден алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар өздерін көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді. 

Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде қарайды және мынадай уәжді шешімдердің бірін қабылдайды: 

1) ұйымды немесе жеке тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастау туралы;  

2) бас тартудың уәжді негізін бере отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы. 

Өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін. 

8. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша: 

1) күнтізбелік ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген еңбек демалысының төлемақысы немесе жалақының ең төмен мөлшерінен аспайтын мөлшердегі жалақы түрінде алынған; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, қызметтік іссапарға арналған шығыстар, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы мониторингі субъектісіне жүгінуге, сондай-ақ салықтар, коммуналдық және әлеуметтік төлемдер, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуді жүргізуге құқылы. 

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.  

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген ұйымдарға және жеке тұлғаларға тиесілі ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қолданудың күшін жою үшін негіз болып табылады. 

8-1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіздер бойынша енгізілген жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы жазбаша дәлелді өтінішпен жүгінуге құқылы. 

Уәкілетті орган бұл өтінішті Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетінің қарауын қамтамасыз етеді. 

Уәкілетті орган дереу, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Комитетінің немесе терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымның осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы мониторингі субъектісін хабардар етеді. 

Уәкілетті орган сондай-ақ өтініш берушіні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Комитеті немесе терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар қабылдаған шешім туралы хабардар етеді. 

9. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкі, оның ішінде заңды тұлғалардағы оқшауланған мүлкі анықталған жағдайда уәкілетті орган мұндай мүлікке қамақ салу туралы мәселені шешу үшін мұндай мәліметтерді дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді. 

10. Уәкілетті органға шет мемлекеттің құзыретті органынан ұйымның немесе жеке тұлғаның террористік әрекетке ықтимал қатысы болуы туралы келіп түскен өтініш болған кезде, егер бұл ретте осы баптың 4-тармағында көзделген, осындай ұйымдарды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу үшін негіздер бар болса, уәкілетті орган террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімін қалыптастырады. 

Уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерінің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қабылдауы үшін террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімін өзінің интернет-ресурсында күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге орналастырады. 

Уәкілетті орган жеке тұлғаларды террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімінен осы баптың 4-тармағына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу жөнінде шаралар қабылдайды. 

Ескертпелер. 

1. Осы баптың мақсатында терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның отбасы мүшелері деп: зайыбы (жұбайы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кәмелетке толмаған (оның ішінде асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) балалары; асырауындағы ата-анасы мен жұбайының (зайыбының) ата-анасы танылады. 

2. Осы баптың мақсатында ұйым деп заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым да түсініледі. 

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...11 11‑1 12 12‑1 12‑2 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться