Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін тиісінше тексеруі



Ст. 5 Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV




1. Қаржы мониторингi субъектiлерi Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексеру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.

2. Қаржы мониторингi субъектiлерi мынадай:

1) клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;

2) қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған;

3) клиент (олардың өкілдері), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердiң анықтығына күмән туғызған негiздер болған жағдайларда клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексерудi жүзеге асырады.

3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі мынадай шаралардың жүзеге асырылуын қамтиды:

1) жеке тұлғаны сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тiркеу;

2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың деректерін, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда) не резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмірді, сондай-ақ орналасқан жерiнiң мекенжайын тiркеу;

2-1) бенефициарлық меншік иесін анықтау және, заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу.

Қаржы мониторингі субъектісі клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында осындай клиенттің құрылтай құжаттары және акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмі не басқа көздерден алынған мәліметтер негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын белгілейді.

Егер осы тармақшада көзделген шараларды қолданудың нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент-заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған ақпараттың және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

3) алып тасталды - ҚР 10.06.2014 № 206-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау;

5) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу;

6) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру және оларды жаңарту.

Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстыру арқылы не қолжетімді көздерден алынған деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.

Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмән тудыратын негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

 3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:

1) электрондық ақшаны иеленуші сәйкестендірілмеген жеке тұлғалар «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде;

2) клиент-жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банк шотына ақша салу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;

3) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент банк шотын пайдаланбай қолма-қол ақшасыз ақша төлемін немесе аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай ақша төлемінің немесе аударымының сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;

4) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент-жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау бойынша операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;

5) клиент-жеке тұлға осындай клиенттің банк шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200 000 теңгеден не 200 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса, қолданылмайды.

4. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.

Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне, бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты қоса алғанда, осы Заңда көзделген міндеттерді олардың орындауы үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.

6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты қаржы мониторингінің басқа субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:

1) қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;

2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі өзі тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай шетелдік қаржы ұйымы осы баптың талаптарына ұқсас тиісінше тексеру жөнінде шараларды қолданатынын анықтауға тиіс.

7. Ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің дәрежесіне қарай қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолданады.

Клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолдану қаржы мониторингі субъектісінің мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруын қамтиды:

1) клиент бойынша сәйкестендіру деректерін жаңарту жиілігін қысқарту;

2) іскерлік қатынастарды тексерудің және клиент осы қаржы мониторингі субъектісі арқылы жүзеге асыратын операцияларды зерделеудің жиілігін қысқарту;

3) операциялар сипаты негізінде іскерлік қатынастардың мақсаттары мен сипатын айқындау.

Қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың не клиент жасайтын операцияның мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру болып табылатындығы туралы пайымдауға негіз болған кезде клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылмайды.

Клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану кезінде қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады:

1) жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау;

2) одан әрі тексеруді талап ететін операцияларды тексерудің және олардың сипатын анықтаудың саны мен жиілігін арттыру;

3) ұйымның басшы қызметкерінен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға, жалғастыруға рұқсат алу.

8. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингінің басқа субъектілерін қоса алғанда, өзге адамдарға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды осындай адамдармен жасалатын шарттар негізінде қолдануға құқылы.

Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2),  2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі:

1) осындай адамның шарт талаптарын ескере отырып, қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

2) растау құжаттарының көшірмелерін қоса алғанда, осындай адамнан клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді уақтылы алуды қамтамасыз етуге;

3) осындай адамның қаржы мониторингі субъектісін ішкі бақылау қағидаларын, сондай-ақ осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауын бақылауды мерзімділік негізде жүзеге асыруға міндетті.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өзге адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда осындай қаржы мониторингі субъектілерінің атынан қаржылық қызметтерді көрсету шарттарын жасасуға құқық беру жағдайларына да қолданылады.

Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі осындай адамның осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы үшін жауапты болады.

 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV