Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
10-1-бап. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл



Ст. 10-1 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I



1. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл:

терроризмнің қауіптілігін түсіндіру;

террористер өз көзқарастары мен идеяларын насихаттауды солардың көмегімен жүзеге асыратын нысандарды, әдістерді және амалдарды әшкерелеу;

қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;

терроризм профилактикасында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру;

терроризмді қолдаудың әлеуметтік базасын қысқарту мақсатында жүзеге асырылады.

2. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимылды ұйымдастыруға және үйлестіруге;

осы қызметке бұқаралық ақпарат құралдары, заңды тұлғалар, азаматтық қоғам институттары, діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуын ынталандыруға;

қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға қатысуға міндетті.

 Ескерту. 4-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...9 10 10-1 10-2 10-3 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-1-бап Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I