Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм актілерінің жолын кесу үшін қолдану



Ст. 14-1 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I



 Ескерту. 14-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2015 № 275-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:

1) терроризм актісін жасау үшін пайдаланылатын не террористер басып алған әуе кемелері ұшуының жолын кесуге;

2) Қазақстан Республикасының ішкі суларында және аумақтық теңізінде, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан теңіздегі экономикалық қызмет объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесуге, сондай-ақ теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен терроризмге қарсы операцияның өткізілуіне қатысу үшін қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолданады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шегіне қатысты бөлігінде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.

 Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...13-1 14 14-1 14-2 14-3 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-1-бап Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I