Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар



Ст. 14 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I



1. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізу үшін оралымды штабтарға терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары беріледі. 

2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, қажет болған жағдайларда терроризмге қарсы операцияға қатысу үшін шет мемлекеттердің арнайы мақсаттағы бөлімшелері тартылуы мүмкін. 

3. Терроризмге қарсы операция жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы Заңға және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қолданылады. 

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Статья 1 ...13 13-1 14 14-1 14-2 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I