Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
23-3-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау нәтижелері



Ст. 23-3 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I



1. Тексеру нәтижелері бойынша осы Заңда белгіленген іс-шараларды және оны іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын бұзушылық (орындамау) анықталған жағдайларда, меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама он жұмыс күні ішінде табыс етіледі. 

2. Нұсқама меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына жеке немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуі тиіс. 

Хабарламалы тапсырыс хат арқылы почтамен не хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін электронды байланыс арналары арқылы электронды түрде жіберілген нұсқама почта немесе өзге де байланыс ұйымының жауабын алған күннен бастап не хабарламаны электронды түрде жіберген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң табыс етілген болып саналады. 

3. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындауды меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысы немесе өзге де лауазымды адамы оны табыс еткен (алған) күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады. 

Ескерту. 8-тарау 23-3-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...23-1 23-2 23-3 24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-3-бап Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I