Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы
10-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын талаптар



Ст. 10 Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219



Қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдар:

осы Заңның және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындауға;

радиациялық қауiпсiздiктi және иондаушы сәулелендiру көздерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, жүзеге асыруға;

иондаушы сәулелендiру көздерi болып табылатын жаңа (жаңғыртылатын) өнiмнiң, материалдар мен заттардың, технологиялық процестер мен өндiрiстердiң радиациялық қауiпсiздiгiн негiздеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге;

жұмыс орындарындағы, үй-жайлардағы, ұйымдардың аумақтарындағы, бақыланатын аймақтардағы радиациялық жағдайға, сондай-ақ радиоактивтi заттардың сыртқы шығуы мен тасталуына үнемi өндiрiстiк бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға;

қызметшiлердiң жеке сәуле алу мөлшерiне үнемi бақылау жасап, оларды есепке алуға;

өндiрiстiк радиациялық бақылау қызметтерiнiң лауазымды адамдары мен қызметшiлерiн, мамандарын, иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн басқа да адамдарды даярлауға және оларды аттестациядан өткiзуге;

қызметшiлердi алдын ала (жұмысқа тұрған кезде) және мезгiл-мезгiл медициналық тексеруден өткiзiп тұруды ұйымдастыруға;

қызметшiлердiң жұмыс орындарындағы иондаушы сәулелену деңгейлерi туралы және олардың алған жеке сәуле мөлшерiнiң шамасы туралы оларға үнемi хабарлап отыруға;

радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды авариялық жағдайлар туралы, радиациялық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн технологиялық регламенттiң бұзылуы туралы дер кезiнде хабарлап отыруға;

радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар уәкiлдiк берген лауазымды адамдардың қорытындыларын, қаулыларын, нұсқамаларын орындауға;

азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219