Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 3 Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы
3-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

 нормалау принципi - иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау;

 негiздеу принципi - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;

 оңтайлыландыру принципi - иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау;

 авариялық оңтайлыландыру принципi - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына зиянды азайтудың нақты пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын залалға байланысты залалдан барынша көп болатындай етiп оңтайлыландырылуға тиiс.
Статья 1 2 3 4 5 ...24

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219