Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы
5-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк органдар



Ст. 5 Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219



1. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды, олардың арасындағы:

иондаушы сәулелендiру әсерiнен халықтың денсаулығын қорғау;

радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiне лицензия беру;

қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтiк ластануының алдын алу және иондаушы сәулелендiрудiң табиғи көздерiн бақылау жөнiндегi өзара iс-қимыл тәртiбi мен мiндеттердiң ара-жiгiн белгiлейдi.

1-1. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1-2. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекет уәкiлдiк берген Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады, бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi, басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiредi, сондай-ақ:

атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызмет түрлерiне лицензия берудi жүзеге асырады;

радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен ережелердi әзiрлейдi және келiсiп отырады;

радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

радиациялық қорғау жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi;

осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219