Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы
9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар



Ст. 9 Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219



1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, мемлекеттiк органдардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдардың аталған шешiмдердiң тиiмдiлігіне талдау жасауы кезiнде радиациялық қауiпсiздiк саласында белгiленген радиациялық қауiпсiздiк талаптарын, ережелер мен гигиеналық нормативтердi сақтау мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалау жүргiзiледi. 

2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган мыналардың негiзiнде:

1) қоршаған ортаның радиоактивтi ластану сипаттамасы;

2) радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiне және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалардың, ережелер мен гигиеналық нормативтердiң орындалуына талдау жасау;

3) радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымы;

4) радиациялық авариялар мен олардың салдарларын "тиiмдi түрде жоюға әзiрлiк дәрежесi;

5) халықтың жекелеген топтарының барлық иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену дозаларына талдау жасау;

6) сәулелену мөлшерiнiң белгiленген шегiнен асып түсетiн мөлшерде сәуле алған адамдарды саны негiзiнде жүзеге асырады.

3. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган талдайды және бекiтедi.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2006.12.29 № 209 Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219