Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
22-бап. Рұқсаттардың қолданысы



Ст. 22 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ




1. Рұқсаттар беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Осы Заңға 1 және 2-қосымшаларда ескерту ретінде:

1) лицензияның иеліктен шығарылатындығы туралы;

2) рұқсат беру кезінде конкурс рәсімдерінің қолданылатындығы туралы;

3) рұқсаттың қолданылу мерзімі туралы;

4) рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1 және 2-тармақтарының күші қолданылмайтындығы туралы мәліметтер;

5) басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.

3. Рұқсаттардың күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады.


Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ